Жаңа ереже бекіді: енді діни киім киіп, қоғамдық орында оранып жүруге болмайды

ІІМ мәліметінше, бұл түзетулердің басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және бейнебақылау камералары арқылы азаматтарды тану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

12 шілдеден бастап Қазақстанда адамның бет-әлпетін толық жабатын киім киюге тыйым салатын заң нормалары ресми түрде күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Заңның мақсаты

ІІМ мәліметінше, бұл түзетулердің басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және бейнебақылау камералары арқылы азаматтарды тану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Қандай киімдерге тыйым салынады?

  • балаклава;
  • медициналық мақсаттан тыс маска;
  • никаб;
  • бет-әлпетті анық көруге кедергі келтіретін өзге де киім түрлері.

Ерекшеліктер

Тыйым келесі жағдайларда қолданылмайды:

  • медициналық себептерге байланысты;
  • ауа райының қолайсыздығына байланысты;
  • қызметтік және еңбек міндеттерін орындау кезінде;
  • азаматтық қорғаныс шаралары барысында;
  • спорттық, мәдени және бұқаралық іс-шараларда.

Діни киімге қатысты түсініктеме

ІІМ атап өткендей, жаңа ережелер адамның жүзін жаппайтын діни киімдерге – хиджаб, шейла, химар, аль-амира – қатысты емес. Полиция бұл түзетулер азаматтардың құқықтары мен діни сенім бостандығын шектемей, тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.