«Өзі шешеді»: Тәуекел Мүсілімнің әйелі жолдасына алғыс айтты

Оның айтуынша, үйдегі барлық тұрмыстық мәселені Тәуекел шешеді.

Танымал әртіс Тәуекел Мүсілімнің жұбайы Махаббат Мүсілім әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмірі туралы жазба жариялап, күйеуіне қамқорлығы үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, үйдегі барлық тұрмыстық мәселені Тәуекел шешеді.

«Бір рет шешім қабылдадым. Енді ештеңені шешіп керек емес, себебі бәрін ол өзі шешеді», – деп жазды ол.

Желіде жарияланған видеодан ерлі-зайыптылардың бірге уақыт өткізіп, қыдырып жүргенін көруге болады. Махаббат коммуналдық төлемдерден бастап саяхат шығындарына дейін бәрін Тәуекелдің төлейтінін айтып, жұбайын мақтан ететінін айтты.