Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көпсатылы операцияны жүзеге асырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰҚК мәліметінше, Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бірреттік cалмағы 13 тонна 183 келі кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді.
Жүкті Қазақстан арқылы үшінші елдерге тасымалдамақ болған.
Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.
– Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ҰҚК мәліметінде.