Полиглот-теңізші: Әскери-теңіз күштерінің офицері 5 тілде еркін сөйлейді

Офицердің айтуынша, тілдерді білу жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қызметті тиімді етіп, халықтар арасындағы өзара түсіністікті арттырады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі кемелер дивизионында ерекше офицер қызмет етеді деп хабарлайды Aikyn.kz.

Капитан-лейтенант Мұғатдин Мамедов  Шымкент қаласының тумасы. Ол қазақ, орыс, түрік, әзербайжан және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Әскери қызметті бала кезінен армандаған ол офицерлік білімді Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-теңіз политехникалық институтында алған. 2021 жылдан бастап Мұғатдин Мамедов Ақтауда қызмет етуде.

Оның тілдік қабілеттері жеке құрамның ұлтаралық қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға да септігін тигізуде.

Офицердің айтуынша, тілдерді білу жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қызметті тиімді етіп, халықтар арасындағы өзара түсіністікті арттырады.