Әлем чемпионаты: Карина Ибрагимова Грекия боксшысын жеңді

Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

Карина Ибрагимова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Панагиота Кузилумен (Грекия) кездесті.

Қазақстандық боксшы тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

Айта кетейік, Аида Әбікеева әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.