Зерттеу нәтижесі қуантады

Қазақстанның стратегиялық зерттеу институты ел ішінде қызықты зерттеу жүргізген. Халықтың ел ертеңіне сенімін, келешекті қалай бағдарлайтынын талдаған.

Институттың хабарлауынша, халықтың 75,9%-ы елдің даму ба­ғытын қолдайды. Соның ішінде жастар ел ертеңіне сенеді. Зерттеу көрсеткендей, жастардың 84,6%-ы болашаққа оптимист көзқараста. Азаматтарының төрттен үш бөлігі елдің даму бағытын дұрыс деп ба­ғалайды. Яғни, 90%-ы осы елде туғанына, азаматы болғанына дән риза. Содан да болар тұрғындар­дың басым бөлігі мемлекеттің дұрыс бағытта дамып жатқанын атап өткен. 

Соның ішінде қазақстандықтар реформалардың нақты нәтиже беріп жатқанын айтқан. Мұны атал­ған институт әлеуметтік са­уал­нама арқылы анықтаған. Әсіресе, жастар ел дамуының басым ба­ғыт­тарын атап, өзгерістерге оң бағасын берген. 

Айбике ЖАНАСЫЛ