Актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өмірдегі өкініші жайлы айтты.
"Бір өкінішім, бірінші некеден туған балаларым мен екінші некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалықтан туған эгоизм бар шығар, қызғаныш та болады. "Араласпай-ақ қояйықшы" дейді. Оған уақыт керек, уақыт емші. Өзім асабамын, талай той басқардым. Біз сияқты араласпай жүріп, кейін қайта табысқан талай отбасыны білемін. Сондықтан үмітімді үзбеймін", – дейді актер.
Актер тұңғыш ұлы шаңырақ көтергенін, жасы жиырма сегізде екенін атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.