Шенеуніктер де блогердің курсын сатып алған

Судья курстың тек формалды сипатқа ие екенін сұрағанда, комитет өкілі бұл пікірді растады.

Астанада өткен сот отырысында күтпеген дерек әшкереленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Құмар ойындар мен лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогер Ерболат Жанабыловтың курсын өздері сатып алған. Алайда олар мұны пайда табу үшін емес, «жан-жақты зерттеу» мақсатында жасағанын айтты.

— Біз бұл курсты өзіміз сатып алдық. Оның ішінде Қытайдан тауар алуға мүмкіндік беретін маркетплейстермен жұмыс істеу жолдары түсіндірілген 9 бейнеролик бар, – деді комитет өкілі сотта.

Судья курстың тек формалды сипатқа ие екенін сұрағанда, комитет өкілі бұл пікірді растады.

Айта кеткен жөн, Ерболат Жанабылов өз кінәсін мойындамай отыр.