Алғашында мадридтік дерби «Атлетикомен» 28 қыркүйекке жоспарланған еді, алайда матч бір күнге ертерек – 27 қыркүйекте (Қазақстан уақытымен 19:15) өтетін болды.
Осылайша, «Реалға» Алматыға жетіп, қалпына келу үшін небәрі үш күн ғана қалады. Чемпиондар лигасының 2-турындағы «Қайратқа» қарсы ойын 30 қыркүйекте 21:45-те басталады.