Қырғызстан ҰҚК басшысы қызметкерінің телефонын тартып алып, лақтырып жіберді (видео)

Оқиға Нарын облысында болған

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Нарын облысына жұмыс сапары кезінде қоластындағы қызметкердің телефонын тартып алып, сыртқа лақтырып жіберді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлады.

Кочкор аудандық ауруханасының жағдайымен танысу барысында Ташиев ескі ғимараттарды сүруді, екі жаңа төрт қабатты корпус салуды және аумақты көгалдандыруды тапсырды.

Одан кейін ол аудандық ҰҚМК бөлімінің басшысын шақырып, тапсырмаларды түсінгенін нақтылады. Алайда Ташиев оның телефонға алаңдағанына ашуланып, құрылғыны қолына алып, лақтырып жіберді.