Түркістан облысында полиция соттың үйлену тойында ән айтқаны үшін бұрынғы келінін бірнеше рет ұрған ер адамды не себептен үйқамаққа жібергенін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, алғашында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін соттың санкциясымен оған тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі қолданылды.
“Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.
Сондай-ақ ведомство ер адамның біреуді қорқытқаны туралы ешкімнен арыз-шағым түспегенін алға тартты.
“Соған қарамастан, тергеу барысында барлық уәж мұқият зерттеледі. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаға құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.