Әлеуметтік желіде Талғар қаласы әкімі Абилхаир Арыстенбекұлының видеосы қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Ойлашы" деген танымал трендпен видео түсірген әкімнің сөзінше, 13 қыркүйекте Талғар қаласындағы Абай саябағында мерекелік іс-шара өтеді екен. TikTok-тағы оқырмандардың бір бөлігі әкімді мақтап, креативтілігі жайлы сөз қозғап жатса, екінші тарап қаладағы бірқатар мәселені айтып, "Талғарда адам өліп жатыр, ал сен мерекелік іс-шара ұйымдастырып әлексің" деді.
Бұған қала әкімі: "Оқиға Талғар ауданындағы Қызыл қайрат ауылында болған, мерекелік іс-шараның ол өлімге қатысы жоқ",- деп жазды.