Шавкат Рахмонов Қайрат Боранбаевпен не үшін кездескені белгілі болды

Ол Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферинге және «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаевқа өз қолтаңбасы қойылған қолғаптарын сыйға тартты.

Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы, UFC октагонында бақ сынап жүрген беделді спортшы Шавкат Рахмонов футболдағы беделді тұлғалармен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферинге және «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаевқа өз қолтаңбасы қойылған қолғаптарын сыйға тартты.

Бұл ерекше сәтті Шавкат өзінің Instagram парақшасында бөлісті:

«Kairat FC champion. Алға Қазақстан!»  – деп жазба жариялады.