Ақтаудағы төбелес: екі адам пышақталды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелес кезінде екі ер адам пышақ жарақатын алған.

Әлеуметтік желіде қанға боялған орындықтың суреті тарап, жұртшылық арасында қылмыс пен адам өлімі болуы мүмкін деген болжамдар айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелес кезінде екі ер адам пышақ жарақатын алған.

«Спирттік ішімдік ішу барысында ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласты. Нәтижесінде, екі азамат пышақ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, тексеріс жүргізген. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Instagram-дағы 112_aktau парақшасында жарияланған суретте қанды орындық арнаулы лентамен қоршалғаны көрсетілген. Бұл кадр тұрғындардың үрейін тудырған.