Журналист Руслан Өтепбай Талғарда болған оқиғаға қатысты өз зерттеуін жүргізіп, әлеуметтік желіге үзіндісін жүктеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Видеода өлтірілген жігіттің әуелі өзі және анасымен сөйлесіп, мән-жайды сұрағаны көрсетіледі. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті марқұмды атып кеткеннен кейін үйге келіп, әйелдерді қорқытқан.
Сонымен қатар адвокаттың айтуынша, күдікті қызды (марқұмның қарындасы болуы мүмкін) әртүрлі интимдік видеолармен бопсалап жүрген.