Астанадағы «Барыс Аренада» өткен ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы ойында жергілікті «Барыс» былтырғы финалист «Тракторды» овертаймда тізе бүктірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ойын тағдырын овертаймдағы шайба шешті: команданың жаңа ойыншысы, қорғаушы Райли Уолш жеңіс голын соқты. Сонымен қатар Ансар Шайхмедденов екі ұпай (гол+пас) жинап, ойында көзге түсті.
Есеп – 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)
-
0:1 Ливо (Гросс, Дер-Аргунчинцев) – 05:37 ГБ
-
1:1 Шайхмедденов (Мухаметов) – 08:09
-
2:1 Савицкий (Қайыржан, Шайхмедденов) – 32:08 ГБ
-
2:2 Горюнов-Рольгизер (Ливо, Коромыслов) – 36:16
-
3:2 Томпсон (Веккьоне, Галимов) – 52:42 ГБ
-
3:3 Дюбе (Дер-Аргунчинцев, Ливо) – 57:31 ПВ
-
4:3 Уолш (Масси) – 60:15 ГБ
Келесі матчты «Барыс» өз алаңында өткізеді. Команда 9 қыркүйек күні Хабаровскінің «Амурын» қабылдайды.