Таяуда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде Қазақстанның халық жазушысы, кинодраматург Смағұл Елубайдың «Әдебиет – ұлттың рухы» атты көшбасшылық дәрісі өтті. Жазушы қолына қаламын серік еткен болашақ жазушыларға өмірлік тәжірибесінен сыр шертіп, ақыл-кеңесін де бөлісті.
– Маған туған ағамдай болып өткен Әбдіжәміл Нұрпейісов кезінде мынадай ақылын айтқан еді. «Шығармаға өзің жақсы білетін, өмірде көрген адамдарды кейіпкер етіп таңдау қажет, сонда қателеспейсің» дегені бар. Оның бұл ақылы өте дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» шығармаларына образ бейнесі ретінде өзіміз жақсы білетін адамдарды таңдадық. Алайда шығармада олардың есімі өзгертіліп берілді. Шынтуайына келгенде, әр адам – қайталанбайтын құбылыс. Өмірде айрықша есте қалатын адамдар болады. Тіпті, бала кезімізде бірге ойнап өскен балаларға дейін мінезі әртүрлі еді. «Ақ боз үй» шығармасының алғашқы бөлімі балалардың ойынынан басталады. Дәл осы шығармада біз сол балалардың мінезі мен сипатын кейіпкер етіп алдық, – деді қаламгер.
Толық сұхбатты мына сілтемеден оқи аласыз