Коронавирустан қорғануға қосымша қаржы бөлінеді
Коронавирустан қорғануға қосымша қаржы бөлінеді
© inbusiness.kz
153
оқылды
Коронавирустан қорғануға бөлінетін қаржы 3,5 млрд теңгеге жеткізіледі. Бүгін мәжіліс қабырғасында Қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деп қауіпті дерттен сақтануды күшейтетіндігін мәлімдеді, - деп хабарлайды . Бұған дейін 30 қаңтарда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның жетекшісі, вице-премьер Бердібек Сапарбаев қорғану шараларына 1,5 млрд теңге бөлінетінін айтқан еді. Енді міне, Үкімет резервінен тағы қосымша 2 млрд теңге бөлінбек. Берілген қаржыға Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл ауруханалар қорын қажетті құрал-жабықтармен қамтамасыз етіп қоюға тиіс.