Ресей азаматтары мінген ұшақ Атырауға шұғыл қонды

Экипаж ең жақын әуежайға шұғыл қонуға өтініш жасаған.

Бүгін Атырау әуежайы Azur Air ұшағын тосын жағдайда қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Атырау әуежайына Екатеринбургтен Анталияға бағыт алған Azur Air әуе компаниясының ұшағы шұғыл қону жасады. Бортта 300-ден астам жолаушы болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, себеп – техникалық ақау. Экипаж ең жақын әуежайға шұғыл қонуға өтініш жасаған.

Қону сәтті өтті, зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Azur Air – Ресейдегі ірі чартерлік әуе компанияларының бірі.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы