Черногорияда Қазақстанның екі азаматы ұсталды

2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша, Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаскөйлер:

  • есірткі және психотроптық заттарды сату;
  • оларды тұтынуға итермелеу;
  • ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу;
  • лауазымды тұлғаға пара беру сияқты әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.

Polisia.kz-тің мәліметінше, 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды.

Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан.

Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.