Әнші Роза Әлқожа онлайн той жасайтынын айтты

Биыл жолдасымен шаңырақ көтергеніне 25 жыл толатынын атап өтті.

Әнші Роза Әлқожа жолдасының туған күніне орай күміс той жасайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол биыл жолдасымен шаңырақ көтергеніне 25 жыл толатынын атап өтті. 

"Отағасы Айдын Қаба 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз. Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік. Тойға келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. Сілтемесін саламыз. Қалыңдық көйлегін дизайнер Аида Кауменова тігіп жатыр”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тілеп, құттықтап жатыр.

“Жап-жас екенсіздер”, “Құтты болсын!”, “Қандай керемет сәттер”, “Алтын тойға жетіңіздер!”, “Бақытты болыңыздар”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.