Халық әртісі, еліміздегі ең танымал, белгілі әнші Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрсып тастады. Әнші тосынсый жасап, анасының шаңырағына келді.
“Анамның үйіне айтпай келіп қалдым. Аналарымыз аман болсын! Бауырларымды көріп, арқа-жарқа болып, шай ішіп жатырмыз”, – деп жазды әнші.
Бірақ желі қолданушылары дастарқан басында ер-азаматтар отырса да, батаны әншінің анасы бергенін қызу талқылады.
“Жесір әйел бата бермеуші еді”, “Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!”, “Үйінде шешесі билейтіні көрініп тұр”, “Ана балаларының амандығын тілеп, батасын беріп отыр”, “Ананың батасы қабыл болсын”, – деп жазып жатқандар да болды.
М. Жүнісова анасына қатысты жағымсыз пікір айтқан оқырманына жауап қайтарып, реніші барын да жасырмады.
“Не оттап отырсың?! Анасы ұл-қыздарына бата беруге болмайды дегенді бірінші рет естіп отырмын. Әкеміз өмірден озғалы, анамыздың батасымен келе жатырмыз. 11 құрсақ көтерген анама қатын деуге хақың жоқ?! Нағыз есалаң сенсің”, – деп ашуын білдірді әнші.