Атырау облысы Құрманғазы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Билік арнайы жедел штаб құрды, іс-шаралар жоспары дайындалды және қажетті ресурстар бөлінді.

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданы әкімдігі жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Себеп – Қиғаш пен Шарон өзендері, сондай-ақ Каспий теңізінің теңіз бөлігінде су деңгейінің күрт төмендеуі. Бұл экологиялық ахуалды қиындатып, балық шаруашылығына және ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізуде.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, су деңгейі төмендеп барады. Қиғаш-Шортанбай гидробекетінде 2024 жылы су көлемі 379 см болса, 2025 жылдың соңына қарай 150 см-ге дейін таяздаған. Шароновка-Ганюшкино – 243 см-тен 87 см-ге дейін төмендеді.

Билік арнайы жедел штаб құрды, іс-шаралар жоспары дайындалды және қажетті ресурстар бөлінді. 128 км каналдар мен Каспий теңізінің кейбір бөліктерін тереңдету жоспарланып отыр, бұл су тасқыны кезінде тұрғындарды қорғауға және балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығын сақтау үшін қажет.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы