Украина Қауіпсіздік қызметі рэпер Тиматиге іздеу жариялады

Ресми мәліметке сәйкес, Тимати 1 шілдеден бастап іздеуде. 

Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) танымал ресейлік рэпер Тиматиге (Тимур Юнусов) іздеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Oxu.Az сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы деректер Украина Ішкі істер министрлігінің базасында көрсетілген. 

Ресми мәліметке сәйкес, Тимати 1 шілдеден бастап іздеуде. Бұған дейін, 13 маусымда СБУ оған Киевтің бақылауындағы аумаққа заңсыз кіру бабымен сырттай айып таққан.

Айта кетейік, Тимати 2017 жылдан бері Украинадағы "Миротворец" сайтының дерекқорында да тіркелген.

СБУ бұған дейін де ресейлік саясаткерлерге, әскери тұлғалар, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне сырттай айып таққан. Бұдан бөлек, Украина президенті Владимир Зеленский Ресей азаматтарына және Мәскеумен әріптестік орнатты деп айыпталған өзге елдің жеке және заңды тұлғаларына қарсы санкция енгізу туралы бірнеше жарлыққа қол қойған.