Депутат «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчты Астанада өткізуді ұсынды

Бұл туралы депутат Мәжіліс кулуарында айтты.

Мәжіліс депутат Бақытжан Базарбек «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчыны «Астана Аренада» өткізіп, қалған Чемпиондар лигасы ойындарын Алматыдағы Орталық стадионда қалдыруды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еске сала кетсек, жақында ғана УЕФА алматылық «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасының негізгі (топтық) кезеңіне арналған ресми құрамын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, «Қайрат» топтық ойындарының барлығын Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді.