Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров төменгі палатаның жалпы отырысында мінберден анасына құттықтау жолдап, сын астында қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ардақ Назаров депутаттық сауалын жолдамас бұрын бүгін анасы 70 жасқа толып жатқанын айтып, құттықтау жолдады.
«Қадірлі анашым! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрыңызға шомылып өстім. Әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін», – деді Ардақ Назаров.
Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне түрлі пікір білдіріп, заң шығарушы органда отырып құттықтау жолдағанын сынға алуда.