«Құттықтап қойыңыздар»: Қайрат Нұртас 10 жастағы ұлына су жаңа көлік әперді

Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 10 жастағы ұлы Хан Нұртасқа жеке автокөлік сыйлады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Ханды құттықтап қойыңыздар, машиналы болды. Папасының да, мамасының да қолы тимейді. Шопыры таситын болады,  деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелген еді.