Мыңдаған қазақстандықтың несиесі кешіріледі – ҚМА рекордтық соманы айтты

Бұл туралы агенттік төрағасы Жанат Элиманов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде мәлімдеді.

Қазақстанда мыңдаған азаматқа қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін ауқымды шаралар қолға алынып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) дерегінше, 300 мыңнан астам қазақстандықтың несиесі кешіріледі немесе ақшасы қайтарылады. Бұл туралы агенттік төрағасы Жанат Элиманов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда заңсыз микронесиелерге қатысты жалпы сомасы 71 миллиард теңге болатын 23 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал өзге анықталған заңбұзушылықтарды, тәркіленген және бұғатталған активтерді қосқанда, сома рекордтық 480,3 миллиард теңгеге жеткен.