«Алматыдан Оралға жаңа көлікпен»: Ерке Есмахан Раймның әкесіне жасалған қымбат сыйлық жайлы айтты

Әншінің айтуынша, ол отбасымен бірге күйеуінің туған жері – Оралға барған.

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның әкесіне жасаған сыйлығын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әншінің айтуынша, ол отбасымен бірге күйеуінің туған жері – Оралға барған.

«Күйеуім Алматыдан Оралға жап-жаңа көлік алып келіп, папамызға сыйға тартты. Игілігіңізге мініңіз, папа! Алла бұйыртса, ұлдарың саған да көлік мінгізетін күнге жетейік!», – деп жазды Ерке.

Сондай-ақ өнер иесі көпшілікті адал болуға шақырды.

«Аллаға сансыз шүкір етемін! Бұл өмірдің бір сыры да, нақты қағидасы да жоқ екеніне көзім жетті. Тек түсінгенім, ішкі ойың мен сыртқы сөзің таза, шынайы, әрекетің адал болса болғаны. Сонда бұл жалған дүниенің бар жақсылығы өзіңе тартылады екен. Әлемнің әдемілігін көру өзіңізге, ұл-қызыңызға, ұрпағыңызға молынан бұйырсын!», – дейді эстрада жұлдызы.