Алматыда коронавирус жұқтырған Ресейдің азаматы екені анықталды
Алматыда коронавирус жұқтырған Ресейдің азаматы екені анықталды
Фото: Интернеттен алынды
5,090
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған Ресей Федерациясының азаматы екені анықталды.
«Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол – 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Ол Алматы қаласына 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір ол карантинде стационарда жатыр. Денсаулығы жақсы», – деді ол.
Айта кетейік, ресми өкіл коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 19 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты. «Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, елімізде барлығы 37 науқас тіркелді», – деді Диас Ахметшәріп.