Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған Ресей Федерациясының азаматы екені анықталды.
«Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол – 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Ол Алматы қаласына 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір ол карантинде стационарда жатыр. Денсаулығы жақсы», – деді ол.Айта кетейік, ресми өкіл коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 19 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты. «Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, елімізде барлығы 37 науқас тіркелді», – деді Диас Ахметшәріп.