Бұл туралы «1001 түн» бағдарламасында заңгер Нұрғазы Әнуарбеков айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Декреттік төлемдерді заңсыз жолмен рәсімдеуге көмектескен азаматтардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 1,2 миллиард теңгені құрады. Бұған Қылмыстық кодекстің 190-бап – алаяқтық, 218-бап, яғни заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру және айналымға енгізу баптары бойынша, ал ауырлық деңгейі келтірілген шығын көлеміне сәйкес кімдермен, қандай мақсатта жасалғанына байланысты сотпен жаза тағайындалады», - дейді заңгер.