Назым Қызайбай украиналық боксшыны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұрымды бокшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.

ҚР ҰОК мәліметінше, ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді.

Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінде, еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатында кем дегенде қола медаль алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.