ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен «Айбалта-2025» екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Дайындық барысында осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап бірқатар облыстардың аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – теміржол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.
ҚР Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін мәлімдейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз.
Жалған мәліметтерді тарататындар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, – деп жазылған хабарламада.