Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздер қазір «үзілісте» тұрғанын хабарлады.
Оның айтуынша, екі жақтың байланыс арналары сақталғанымен, келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу жоқ.
Бұған дейін Ресей мен Украина тікелей келіссөздерді қайта бастап, үш рет Стамбулда кездескен. Соңғы кездесу 23 шілдеде өткен еді. Сол кезде тараптар тұтқындар алмасуға уағдаласқанымен, басқа мәселелер бойынша нақты прогресс болмады.