«Финалға жолдама алады»: Бүгін Ливерпульдегі әлем чемпионатында жұдырықтасатын Қазақстан боксшылары белгілі болды

Бүгін жұдырықтасатын боксшылардың қатарында Махмұд пен Төрехан Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова бар.

Бүгін Ливерпульдегі әлем чемпионаты әрі қарай жалғасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін ерекше күн. Өйткені финалдық кезеңге жолдама алу үшін 6 салмақтағы 6 бірдей боксшымыз жұдырықтаспақ. Әрине, 1/2 финалдық бәсеке тартысты болары сөзсіз. Ал бізге ұсынылған жарыс кестесі мынадай: 

13 қыркүйек 1/2 ФИНАЛ

16:00

48 келі. Назым Қызайбай vs Сабина Бобокулова

50 келі. Санжар Тәшкенбай vs Алехандро Кларо Физ

55 келі. Махмұд Сабырхан vs Лю Чуан

22:00

51 келі. Алуа Балқыбекова vs Ксиню Кю

70 келі. Наталья Богданова vs Шантель Рейд

70 келі. Төрехан Сабырхан vs Одель Камара