Қайрат Нұртастың қызы өте қымбат көліктің иесі атанды

Машинаның негізгі базалық құны – 33 890 000 теңге.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас жуырда 10 жастағы ұлы Ханға автокөлік сыйлап, көпшілікті таңғалдырған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Араға көп уақыт салмай, 11 қыркүйекте оның 16 жастағы қызы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады. Суретте Алау қолында кілт ұстап, Hyundai PALISADE көлігінің жанында тұр.

Қызы ешқандай ақпарат жазбағанымен, суреттен отбасындағы жаңа темір тұлпарды байқауға болады. Айта кетейік, бұл үлгінің негізгі базалық құны – 33 890 000 теңге.