Күйеуі өмірден өткен соң, енесі келінін үш айлық баласымен үйден қуып шыққан

Адвокаттың айтуынша, пәтерді Әсем күйеуі екеуі бірге таңдаған.

Әлеуметтік желіде адвокат Бибінұр Мұратова жас ана Әсем Абдуахатованың мүддесін қорғап жүргенін айтып, оның оқиғасын баяндап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел жүкті кезінде күйеуі кенет қайтыс болған. Әсем қызын дүниеге әкелгеннен кейін марқұм күйеуінің анасы оны сәбиімен бірге, күйеуі тірі кезінде сатып алынған пәтерден шығаруға тырысып отыр.

Адвокаттың айтуынша, пәтерді Әсем мен оның күйеуі бірге таңдаған. Күйеуі пәтерді өзінің анасына рәсімдеуді жоспарлаған, өйткені ол ипотека рәсімдеуге тұрақты зейнетақы жарналарын төлей алмайтын.

Мұндай жағдайдан қорқып, Әсемнің күйеуі нотариустың алдында анасына бастапқы жарна сомасын қарыз ретінде берген. Қазір Әсем мен 3 айлық қызы Аланаға пәтерден айырылып қалу қаупі тұр. Өйткені енесі формальды түрде құжаттар өзінің атына рәсімделгенін сылтау етіп, пәтерді өзіне алғысы келеді, – деп жазды адвокат.