Санжар Тәшкенбай жартылай финалда ол Куба боксшысы Алехандро Кларо Физумен кездесті. Бірінші раундта төрешілер жеңісті кубалыққа берді – 3:2. Екінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға қарамастан айқын басымдық танытып, 4:1 есебімен өз пайдасына шешті.
Енді Тәшкенбайдың қарсыласы Суши Макино (Жапония) мен Алдаркхишиг Баттулга (Моңғолия) арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.
Санжар Тәшкенбай – 2023 жылғы әлем чемпионы. Егер ол Ливерпульдегі финалда жеңіске жетсе, қазақстандық бокс тарихында Серік Сәпиевтен кейін (2005, 2007) екі дүркін әлем чемпионы атанған екінші ер спортшы болады