Ресей әскері Украинаның Купянск қаласына газ құбыры арқылы кірмек болды

Әскерилердің мәлімдеуінше, қала мен оның маңындағы жағдай толық бақылауда.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы ресейлік әскердің газ құбыры арқылы Осколдан өтіп, Купянск қаласына еніп жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Әскерилердің мәлімдеуінше, қала мен оның маңындағы жағдай толық бақылауда.

Бас әскери штабтың дерегінше, Купянскінің жанында бірнеше құбыр бар. Олардың төртеуінің үшеуі зақымданып, суға толған. Соңғы құбырдың шыға берісі Украина Қорғаныс күштерінің бақылауында. Әскерилер құбырдың қалаға тікелей апармайтынын атап өтті.

«Қала ішінде қарсы барлау операциясы жүргізілуде. Ал оның айналасында іздестіру-шабуыл шаралары жалғасып жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса, соңғы екі апта ішінде украин әскері қарсыласқа айтарлықтай шығын келтірген. Генштаб мәліметінше, ресейлік тарап 395 жауынгерінен айырылды, олардың 288-і – қайтарымсыз. Радьковка мен Голубовка ауылдары маңында 265, ал Купянск аумағында 128 ресейлік жойылған.

Осылайша, Украина әскері қаладағы жағдайдың толық бақылауда екенін, ал қарсыластың газ құбыры арқылы ену әрекеті сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді.