Төрехан Сабырхан алтын медаль үшін жапон спортшысымен таласады

Бұл оның ересектер арасындағы алғашқы әлем біріншілігі.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (70 келі) ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Жартылай финалда 19 жастағы спортшы Англия өкілі, жергілікті боксшы Одела Камаруды 4:1 есебімен жеңді.

Енді 14 қыркүйекте алтын үшін жекпе-жекте Сабырхан жапондық Сэвон Окадзавамен кездеседі.