«Қайратпен» ойынға дайындық: «Реал Мадрид» Испания біріншілігінде өз қарсыласын тізе бүктірді

«Реал Мадрид» Алматыға 30 қыркүйекте келеді.

«Реал Мадрид» Испания біріншілігінде өз қарсыласын тізе бүктірді. Мадридтік команда сырт алаңда «Реал Соседадпен» кездесіп, тартысты ойында 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойында мадридтіктердің сапынан Килиан Мбаппе мен Арда Гүлер гол соқты. Ал алаң иелерінен Микель Ойарсабал пенальтиден көзге түсті.

Еске сала кетсек, «Реал Мадрид»  Алматыға 30 қыркүйекте келеді,  сол күні «Қайрат» командасымен Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі матч өткізеді.