Маңғыстауда адамдарды сарышаян шағу оқиғасы көбеюде
Маңғыстауда адамдарды сарышаян шағу оқиғасы көбеюде
© сурет интернеттен алынды
614
оқылды
Маңғыстау облыстық жедел және медициналық жедел жәрдем станциясына 1994 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны түнде қоңырау шалған. Жедел жәрдем тобы оған сарышаян шаққан деген диагноз қойды. Оның жүктіліктің 20-21 аптасында болғаны белгілі болды. Ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәл осындай диагноз қойылған Бейнеу ауданының тұрғыны 1973 жылы туылған бір әйел де медициналық көмекке жүгінген. Үшінші оқиға Боранқұл ауылында болған. Ал төртінші жағдай Қарақия ауданы Құрық ауылында болды, бұл жерде 1963 жылы туылған әйел тіркелді. Сондай –ақ, Жаңаөзен қаласының үш тұрғыны да сарышаянның шаққанына байланысты шағымданды. «Жүкті келіншек дәрігерлердің бақылауында. Қалған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Сарышаянның шағуы адам өміріне қауіпті емес. Дегенмен де оларға учаскелік дәрігерге баруға кеңес берілді. Барлық оқиға тұрғындардың үйлерінде болған. Сарышаянның қайдан пайда болғаны белгісіз. Оны құзырлы органдар анықтай жатар. Айта кететін жайт, мұндай жағдайда көбіне тұрғындар үйлерін улауға кіріседі. Алайда оған асықпау керек. Себебі құрамында химикалық зат болған соң, айналадағы адамдарға да зиянын тигізуі мүмкін. Сол себепті тұрғындарды асығыс шешім қабылдамауға шақырамыз», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов. Бір таң қаларлығы – бұл оқиғалардың барлығы кеше бір түнде болып отыр. Анаргүл Жексембайқызы