Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Бүгін Ливерпульдегі әлем чемпионатының финалдық кездесуі өтіп жатыр.

Ерлер арасындағы 55 келі салмақта Махмұд Сабырхан испандық боксшы Рафаэль Лозано Серраномен жұдырықтасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Нәтижесінде, отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, чемпионаттың алтын жүлдесіне ие болды.

Сөйтіп, Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Осыған дейін әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбайдың алтын медальға ие болғанын жазған едік.