«Тәртіп күшейді!»: Қостанайда маңызды автожолдарды дронмен бақылап жатыр

Республикалық және облыстық маңызға ие бес бағытта жолдар дрондар арқылы әуеден бақылауға алынған.

Жол-көлік оқиғаларының артуына, сондай-ақ қаза тапқандар мен жарақат алғандардың көбеюіне байланысты полиция күшейтілген қызмет атқару тәртібіне көшті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Республикалық және облыстық маңызға ие бес бағытта жолдар дрондар арқылы әуеден бақылауға алынған.

Қостанай облыстық Полиция департаменті ескертеді:

Абай болыңыздар!

- Жол белгілері мен сызықтар тыйым салған жағдайда, қарсы бағытқа шықпаңыздар.

- Кез келген маневр алдында оның қауіпсіздігіне көз жеткізіңіздер.

- Жолда шаршасаңыз  тоқтап, демалыңыз. Бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.

Жол жүру ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты!