Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов үздік ондыққа енді

Әмір Маймұратов қытайлық Шоухун Чуға есе жіберіп, жарысты 10-орынмен түйіндеді.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңін қазақстандық спортшы 9-орынмен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды. Алайда ол кезеңде қытайлық Шоухун Чуға есе жіберіп, жарысты 10-орынмен түйіндеді.

Чу финалда жапониялық Ре Омасаны ұтып, жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті германиялық Леандер Карманс түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар Дамир Тоқтаров, Жандос Қалибай, Бекнұр Алтынбеков пен Әлішер Мұрат іріктеу кезеңінен өте алмады.