Екі апта ішінде үш оқушы қаза тапқан Жамбыл облысында 6 басшы жауапқа тартылды

Әлімжеттіктен қаза болған оқушылардың бірі алғашқы қоңырау күні пышаққа ілінсе, екеуі соңғы аптада Шу мен Тараз қаласындағы мектептерде көз жұмған.

Жамбыл облысында екі апта ішінде 3 мектеп оқушысы қаза болғанына байланысты аймақта 6 басшы жауапқа тартылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Облыс әкімі шұғыл жиын өткізіп, әлеуметтік салаға жауапты өзінің орынбасарына сөгіс берді. Ал Тараз қаласының әкімі мен оның орынбасары және Шу ауданының әкімі мен орынбасары қатаң сөгіс алды. Олардың қатарында Білім басқармасының басшысы да бар. Ал білім бөлімі басшыларының лауазымдарына сай не сай еместігі тексерістен соң белгілі болады.

Еске салсақ, әлімжеттіктен қаза болған оқушылардың бірі алғашқы қоңырау күні пышаққа ілінсе, екеуі соңғы аптада Шу мен Тараз қаласындағы мектептерде көз жұмған.

 «Облыс әкімінің тапсырмаларын орындамағаны үшін жаза қолданды. Егер бұл жағдай қайталанатын болса, қосымша жаза беріледі. Ол ауыр сипаттағы тәртіптік жаза болып саналады. Болашақта тағы да тәртіптік сипаттағы құқықбұзушылық жасайтын болса, онда ол одан да ауыр жаза алуы мүмкін. Екіншіден, белгілі бір сыйақылардан айырады», – деді облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев.