Өткеннен сабақ алып, сындарлы диалогқа ұмтылуымыз қажет – Тоқаев

Жиынның ашылуында Президент қазіргі халықаралық жағдайға назар аударып, сын-қатерлердің көбейіп келе жатқанын айтты.

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жиынның ашылуында Президент қазіргі халықаралық жағдайға назар аударып, сын-қатерлердің көбейіп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ әлемде тұрақсыздық пен шиеленістер жиілегенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Қазіргідей алмағайып уақытта тарихтан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздер жүргізуіміз қажет. Мәмілеге балама жоқ», – деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдан алғанда бүгінгі жиынның маңызы зор екеніне ерекше тоқталды. 

– Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері деп атауға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат жолына жұмылдыруға ниет білдіріп отырсыздар. Баршаңызға шынайы ризашалығымды білдіремін,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өз жұмысын бастағаны жөнінде хабарлаған едік. Биыл съезге 60-қа жуық елден келген 100-ден астам делегация қатысып жатыр.