Атырауда заңсыз маска сатушылар ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. "Атырау қаласында жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу барысында Заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі анықталды. Осылайша, бір топ адам жалпы сомасы 313 млн теңгеге 1 млн дана медициналық масканы сатумен айналысқан. Бұл жағдайда , растайтын құжаттар, олардың шығу тегі, белгіленімі болған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.