«Осы сәтті пайдалана отырып, анашымды туған күнімен құттықтаймын!»: бортсерік желі жұлдызына айналды (видео)

Жолаушылар оған қолдау білдірді.

Отандық әуе компанияда жұмыс істейтін бортсерік ұшақта анасын туған күнімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол рейстің кешігетінін ескертіп, жолаушылардан кешірім сұраған. Одан кейін анасына тілегін жеткізіп, желі жұлдызына айналды.

Жолаушылар оған қолдау білдірді.

"Құрметті жолаушылар, кешігіп ұшып жатқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздердің рұқсаттарыңызбен, анашымды туған күнімен құттықтағым келеді. Анашым, әкетай екеуіңізге бақыт тілеймін. Денсаулық, рақмет", – дейді ол видеода.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.